Q Football

Рамазан Оразов «Елімаймен» келісімшартын ұзартты

Рамазан Оразов «Елімаймен» келісімшартын ұзартты

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Семейдің клубында қалды. Мұны «Елімай» ресми түрде Instagram парақшасында хабарлады

Қос тарап 2029 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды.

Рамазан «Елімай» намысын қаңтар айынан бері қорғап келеді. 28 жастағы хавбек биылғы маусымда 24 матчта бес гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Оразов бұған дейін «Силькеборг» (Словения), «Ақтөбе», «Копер» (Дания), «Тобыл», «Ақсу», «Чайка» (Ресей), «Даугавпилс» (Латвия) және «Қайратта» ойнаған.