Сары қағаз үшін бір айып ұпайы, ал алаңнан қуылғаны үшін бес ұпай есептелді. «Астана» алдыңғы төрт маусымда да ең тәртіпті команда деп танылған болатын.
Ең көп айып ұпайын «Жетісу» мен «Қызылжар» жинады — 124 ұпайдан. Олардың ойыншылары мен бапкерлері сегіз рет алаңнан қуылып, футболшылары 84 сары қағаздан алды.
Ең аз ескерту «Тобыл» ойыншыларына көрсетілді — 55.
