Жоба туралы
Біз кімбіз?
QFootball — QSport медиатобының құрамындағы футбол жаңалықтарына арналған қазақстандық ақпараттық портал.
Біздің контент
QFootball порталының негізгі бағыты — Қазақстан футболы. Біз Премьер-лига, Бірінші лига және Қазақстан кубогы матчтарын, ұлттық құрамалардың өнер көрсетуін, сондай-ақ қазақстандық клубтардың халықаралық аренадағы ойындарын кеңінен жариялаймыз.
Сонымен қатар Еуропаның жетекші чемпионаттарына, УЕФА мен АФК турнирлеріне, трансферлерге және әлемдік футболдағы басқа да маңызды оқиғаларға ерекше назар аударамыз.
Сайтта матчтар күнтізбесі, нәтижелер, толық статистика, турнирлік кестелер, тікелей трансляциялар мен бейнешолулар қолжетімді.
Редакция күн сайын қазақ және орыс тілдерінде орта есеппен 120–130 ақпараттық материал жариялайды.
QSport медиатобы
QFootball — Қазақстан мен Орталық Азияда спорттық контент өндіру және тарату саласында қызмет ететін QSport медиатобының бір бөлігі.
Медиатоп құрамына спорттық телеарналар мен цифрлық платформалар, соның ішінде QSport 1, QSport 2 және QSport 3 арналары кіреді.
Телевизиялық өндірісті, цифрлық трансляцияларды және спорт журналистикасын біріктіру футбол оқиғаларын қысқаша жаңалықтардан бастап толыққанды бейнетрансляцияларға дейін әртүрлі форматта көрсетуге мүмкіндік береді.