Q Football

«Астана» клубының әлеуетті инвесторы белгілі болды

«Астана» клубының әлеуетті инвесторы белгілі болды

Елордалық «Астана» футбол клубы қазақстандық RAAF Group компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы инсайдер Эльдар Аманбаев хабарлады.

Оның мәліметінше, 20 жылдан астам уақыттан бері нарықта жұмыс істеп келе жатқан компания клубтың әлеуетті инвесторы ретінде қарастырылуда.

19 қарашада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов «Астананы» жекешелендіруге қатысты шешім алдағы күндері немесе келесі аптада жариялануы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда министр болашақ иесінің кім екенін және мәміленің құнын ашып айтпады.

2026 жылғы ҚПЛ маусымында «Астана» қола жүлдегер атанды. Григорий Бабаян шәкірттері 30 матчта 15 жеңіске жетіп, тоғыз рет тең ойнады және алты кездесуде жеңіліс тапты. Елордалық клуб 54 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша көкшетаулық «Оқжетпесті» басып озды.