Жаңғылышбай мерейтойлық межеге «Қызылжарға» қарсы ойында жетті. Бұл кездесуде «Оқжетпес» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Тохтар Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы матчын 2011 жылдың 21 мамырында өткізді. Сол күні ол «Шахтер» сапында «Қайратқа» қарсы ойында (4:2) дебют жасады. Шабуылшы алаңға 88-минутта Сергей Хижниченконың орнына шығып, арада екі минут өткенде алғашқы голын соқты. «Шахтер» құрамында Премьер-лигада 55 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Қазақстан чемпионатында Жаңғылышбай «Астана» (5 матч), «Қайрат» (2 матч), «Ақтөбе» (12 матч, 2 гол), «Жетісу» (12 матч, 2 гол), «Тобыл» (10 матч, 1 гол), «Ордабасы» (45 матч, 9 гол), «Мақтаарал» (24 матч, 4 гол), «Қайсар» (42 матч, 4 гол) және «Қызылжар» (16 матч, 3 гол) клубтарында да өнер көрсетті. Қазіргі уақытта оның «Оқжетпес» сапында 27 матчы мен 2 голы бар.
Осылайша, Тохтар Жаңғылышбай Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 250 матч өткізіп, 32 гол соқты.
Қазақстан чемпионатындағы матч саны бойынша рекорд Нұрбол Жұмасқалиевке тиесілі. Ол Премьер-лигада 526 ойын өткізген.
