Q Football

«Жеңіс» Андрей Демченконың қайта оралатынын хабарлады

«Жеңіс» Андрей Демченконың қайта оралатынын хабарлады

Украиналық маман бұған дейін де елордалық ұжымды басқарған. Ол «Жеңіске» 2025 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін жетекшілік етіп, осы кезеңде команда 17 матч өткізді: сегіз ойында жеңіске жетті, алты кездесуде тең ойнады және үш рет жеңілді.

Демченко астаналық клубтан кеткеннен кейін әзербайжандық «Араз-Нахчыван» мен тбилисилік «Иберия 1999» клубтарында жұмыс істеді. Грузиядағы командасымен бірге ол Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне шыққанымен, 28 қыркүйекте қызметінен кетті.

«Жеңісте» қазанда Владимир Слишкович кеткен соң, бас бапкердің міндетін маусым соңына дейін Антон Чичулин атқарды. 2026 жылғы ҚПЛ маусымында астаналық клуб 30 матчта 36 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады.