Мұны Герраның өкілі Match KZ Telegram-арнасына айтқан. Бірақ «Тобыл» әлі ресми ұсыныс жасамапты. Клуб басшылығы бірер күннен кейін шешім қабылдайды екен.
Герра «комбайншылардың» намысын жыл басынан бері қорғап келеді. 29 жастағы ойыншы содан бері 35 матчта алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталады.
