«Ең алдымен, шақырғандарыңызға көп рақмет! Осында келгеніме өте қуаныштымын. Мені жақсы қарсы алды. Адамдары да өте керемет екен.Мұнда бәрі бір отбасы сияқты. Оны өзім де сезіндім. Басында екі-үш күнге келіп, а дамдармен танысып, қаланы көріп қайтпақ болғанбыз. Бізді өте жылы қарсы алды. Осында қалу туралы шешім қабылдауымызға да осы әсер етті.
Шымкенттің өсіп, көркейіп келе жатқанын көріп отырмын. Қазақстандағы үшінші ірі қала. Өте қызықты қала екен. Менің ойымша, Шымкенттің болашағы зор. Мұнда футбол да дамып келеді. Оны өз көзіммен көріп жүрмін. Маған Шымкент туралы көп адам айтып берді. Мұнда ең жақсы адамдар тұратынын, жанкүйерлерінің керемет екенін айтты. Сондықтан маған бәрі ұнап жатыр.
Алдағы маусымнан үлкен нәтиже күтемін. Әрқашан ең жоғары жетістікке ұмтылу керек. Клуб Қазақстан чемпионаты мен кубогын жеңіп алып, биік меже қойды. Енді ең бастысы – еурокубок. Команда еурокубокта мүмкіндігінше көп кезеңнен өту үшін бар күшін салады деп ойлаймын. Әрине, Шымкентте Чемпиондар лигасының матчтары өтсе екен деймін».
28 жастағы Гуцуляк бұған дейін Украинаның «Карпаты», «Десна», «Днепр-1» және «Полесье» клубтарында, сондай-ақ Испанияның «Вильярреал» командасында өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушы Украина ұлттық құрамасы сапында 16 ойын өткізіп, 6 гол соққан.
