Q Football

Берат Дегирменджи «Каспийден» кетіп, Түркиядағы «Бейликдюзюспорға» қосылды

Берат Дегирменджи «Каспийден» кетіп, Түркиядағы «Бейликдюзюспорға» қосылды
ФК Каспий

21 жастағы оң қаптал қорғаушы Берат Дегирменджи «Каспий» сапынан кетіп, Түркияның әуесқой лигасындағы стамбұлдық «Бейликдюзюспорға» ауысты.

Берат Дегирменджи ақпанда Ақтаудағы «Каспийге» ауысты. Алайда ол Қазақстанда өзін көрсете алмады.

Қорғаушы «Каспий» сапында бар болғаны 10 минут ойнап, көп ұзамай команданы тастап кетті. Осыдан кейін Дегирменджи отанына оралды.

Қазір ол Түркияның әуесқой лигасындағы стамбұлдық «Бейликдюзюспорға» қосылды.