Q Football

«Тобыл» Данил Устименкомен келісімшартты ұзартты

«Тобыл» Данил Устименкомен келісімшартты ұзартты

26 жастағы қазақстандық голкипер Қостанайдың клубында қалды. Мұны «Тобыл» Instagram-парақшасында ресми түрде хабарлады

Қос тарап 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды.

Устименко «комбайншылардың» қатарына 2025 жылдың қаңтар айында еркін агент ретінде қосылған еді. Ол содан бері 36 матчта 36 гол өткізіп, он ойында қақпасына доп жібермеді.

Сондай-ақ Данил Sofascore нұсқасы бойынша Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымының символикалық құрамына енді. Устименко пенальти қайтарудан да үздіктер қатарында. Ол бес бірдей 11 метрлік айып добын тойтарды.

30 турдан кейін 41 ұпай жинаған «Тобыл» 2026 жылғы Ел чемпионатын жетінші орында аяқтады.