Журналист Елдар Аманбаевтың хабарлауынша, Андрейге келер маусым Премьер-лигада ойнайтын «Тұран» команданы жаттықтыру туралы ұсыныс бойынша хабарласыпты. Бұған 52 жастағы маманның қалай жауап бергені әзірге белгісіз.
Кеше Андрей Мартин «Ордабасымен» қош айтысқан еді. Оның тұсында Шымкенттің клубы биыл Қазақстан чемпионы атанып, Ел кубогын иеленді. Осылайша тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады.
Түркістанның «Тұраны» өткен маусымда Бірінші лигада үшінші орын алып, жоғары дивизионға оралған еді.
