Q Football

Қайрат Нұрдәулетов «Қайсардың» бас бапкері атануы мүмкін

Қайрат Нұрдәулетов «Қайсардың» бас бапкері атануы мүмкін
sportarena.kz

Қазақстан Премьер-лигасынан шығып қалған қызылордалық клуб келесі маусымға жаңа бас бапкер тағайындау мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қазақстан чемпионатының 2026 жылғы маусымы аяқталмай тұрып, «Жетісу» басшылығы команданың қорытынды нәтижесіне қарамастан, 44 жастағы маманмен келісімшартты ұзартуды жоспарламайтыны туралы ақпарат тараған болатын.

AmanVibe мәліметінше, келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсететін «Қайсар» Нұрдәулетовтің кандидатурасына қызығушылық танытып отыр.

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны қызылордалық команданың бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі саналады. Әзірге оның тағайындалуына қатысты түпкілікті шешім қабылданған жоқ.