Q Football

Акмаль Бахтияров Қазақстан Премьер-лигасындағы 50-ші ойынын өткізді

Акмаль Бахтияров Қазақстан Премьер-лигасындағы 50-ші ойынын өткізді

«Елімайдың» жартылай қорғаушысы елордалық ұжымға қарсы кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының жоғарғы лигасындағы маңызды статистикалық межені бағындырды.

Футболшының отандық футболдың элитасындағы жолы 2021 жылдың көктемінде басталған болатын: оңтүстік астанада талдықорғандықтардың сапында «Қайратқа» қарсы ойында ол екінші таймда қосалқы құрамнан алаңға шықты. Жетісулықтар құрамында бес рет жасыл алаңға шыққаннан кейін, жартылай қорғаушы шымкенттік клубтың намысын қорғап, он үш кездесуге қатысып, бір дәл соққымен көзге түсті. Ал матчтардың басым бөлігі мансабының қазіргі кезеңіне сәйкес келді: семейлік клуб сапында 28 жастағы жартылай қорғаушы 32 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасын үш рет дәл көздеді.

Осылайша, елордалық клубқа қарсы өткен кездесу Акмаль Бахтияров үшін ҚПЛ-дегі мерейтойлық елуінші ойын болды, ал осы аралықтағы оның жалпы бомбардирлік еншісіне төрт соғылған гол жазылды.