Ресейлік маман Федор Симинидидің орнына келді және клубтың спорттық бағытына ден қойып, мәскеулік «Динамоның» бұрынғы өкілі Сергей Жданкиннің қарамағында жұмыс істейді, деп хабарлайды «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы.
Жаңа басқарушы тандемге екі негізгі лауазымның — спорттық директор мен команданың бас бапкері орындарын жедел түрде толтыру қажет. Бапкерлік тізгінді ұстауға басты үміткер ретінде румыниялық маман Константин Гылкэнің есімі аталуда, бірақ ол бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Еске сала кетейік, чемпионат мәресіне аз уақыт қалғанда тараптардың өзара келісімі бойынша бас бапкер Андрей Карпович пен оның көмекшісі Симиниди қызметінен кеткен болатын, ал «Елімайдың» өзі ҚПЛ-2026 маусымын 45 ұпаймен алтыншы сатыда аяқтады.
Қазандық «Рубиннің» бұрынғы топ-менеджері «Елімай» басшылығына қосылды

Андрей Громов клубтың спорттық бөліміне жетекшілік етеді және Андрей Карповичтің орнын басатын бапкер іздеумен айналысады