«Ақтөбенің» әлеуетті жаңа ойыншысы Шейи Оджо арқасындағы созылмалы проблемаларға байланысты елеулі жайсыздық сезінуде, деп хабарлайды ASnews.kz.
2016 жылы «Ливерпульдегі» маусымалды дайындық кезінде британиялық вингер омыртқасынан ауыр жарақат алып, төрт айға жуық алаңнан тыс қалған еді. Осы зақымның салдарынан футболшыға жасанды төсеніште ойнауға болмайды, бұл ҚПЛ-дағы алаңдардың ерекшелігін ескерсек, үлкен кедергіге айналуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін ағылшындық ойыншы таяу арада «ақ-қызылдармен» келісімшартқа отыратыны хабарланған болатын.
«Ақтөбенің» атышулы трансфері тығырыққа тірелді: «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы алаңға шықпауы мүмкін

Омыртқаның ескі жарақаты Шейи Оджоның қазақстандық жасанды алаңдарда өнер көрсетуін қауіпті етеді