– Біз «Тобылдың» алғашқы минуттардан-ақ осындай қысыммен ойнайтынын күттік, соған да дайындалдық. Бірақ жіберіп алған гол эпизодында қарсылас ойыншыларын бір жерден толықтай ажыратып үлгермедік, – деп атап өтті Чебурин.
Чебурин ойынның тартысты өткенін және екі тарапта да сәттер болғанын, алайда қателіктерсіз болмағанын атап өтті.
– Жалпы алғанда, матч қызықты өтті деп айтамын. Әрине, екі командада да қателіктер жеткілікті болды. Жақсы сәттер бізде де, «Тобылда» да болды. Сөйтіп бәрі осылай аяқталды – бұдан көп гол соғылған жоқ. Алаңда қызықты нәрсе көп болды, бірақ қателіктер де аз емес, – деп қосты ол.
