Q Football

Темірлан Анарбеков — «құрғақ» матчтар саны бойынша ҚПЛ-2026 маусымының көшбасшысы

Темірлан Анарбеков — «құрғақ» матчтар саны бойынша ҚПЛ-2026 маусымының көшбасшысы
©️FC Kairat

«Қайрат» қақпашысы Бекхан Шайзададан озып кетті, ал Челядник пен Плотников сейвтер саны бойынша үздік шықты

2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының ресми статистикасы қақпасын голдан аман сақтаған матчтар саны бойынша қақпашылар арасындағы қорытындыны шығарды, мұнда рейтингтің көш басына алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков жайғасты. Голкипер турнирдің 14 кездесуінде қақпасын құлыпта ұстап, 72 сейв жасап, үздік маусым өткізді. «Құрғақ» матчтар бойынша көшбасшылар тізіміндегі екінші орынды 12 кездесуде гол жібермей, 51 сейв орындаған «Ордабасы» сапындағы ел чемпионы Бекхан Шайзада еншіледі.

Үшінші және төртінші сатыларды бірдей көрсеткішке қол жеткізген петропавлдық «Қызылжардан» Дмитрий Челядник пен елордалық «Жеңістен» Максим Плотников өзара бөлісті — олардың қоржынында 9 «құрғақ» ойын және чемпионат үшін рекордтық 87 сейв бар. Турнирде гол жібермеген матчтар бойынша үздіктер бестігін маусымды 8 таза кездесумен және 83 сейвпен аяқтаған «Ұлытау» өкілі Дмитрий Непогодов түйіндеді.