Q Football

«Қайсар» маусымның аяқталуына екі тур қалғанда бас бапкерін ауыстырды ма?

«Қайсар» маусымның аяқталуына екі тур қалғанда бас бапкерін ауыстырды ма?
Талгат Байсуфинов (с) Федерация футбола Казахстана

Қызылордалық клуб түбегейлі шешім қабылдауға дайын.

Инсайдер Эльдар Аманбаевтың хабарлауынша, команданың бас бапкерінің міндетін атқарушы Дмитрий Карповтың орнына тәжірибелі маман Талғат Байсуфинов келді. 58 жастағы бапкердің алдында екі міндет тұр: команданы Премьер-лигада сақтап қалу және Қазақстан кубогының финалында лайықты ойын көрсету.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов «Ақсу», «Ертіс», «Ақжайық» клубтарын және Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған.