Q Football

«Ертіс» «Атырауды» жеңіп, сырт алаңнан үш ұпай алып қайтты

«Ертіс» «Атырауды» жеңіп, сырт алаңнан үш ұпай алып қайтты

Қазақстан Премьер-Лигасының 29-туры аясында Павлодардың «Ертіс» командасы сырт алаңда «Атырауды» 3:2 есебімен жеңді. «Судоремонтник» стадионында өткен тартысты кездесуде жеңіс қонақтарға бұйырды

14-минутта Мамаду Мбоджи «Ертісті» алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста Дорже Пантелич есепті теңестірді. Екінші таймның басында Руслан Юденков допты өз қақпасына енгізіп алып, «Атырауды» алға шығарды. Алайда 61-минутта Тимур Мұхамеджанов таразы басын теңестірсе, 72-минутта Юденков автоголдың орнын толтырып, жеңіс голын соқты.

Осылайша, павлодарлық клуб маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Жеңістен кейін «Ертістің» еншісінде 29 ұпай бар. Команда турнир кестесінде 11-орынға көтерілді. Ал 27 ұпай жинаған «Атырау» одан төмен орналасқан.

«Атырау» — «Ертіс» — 2:3 (1:1)

Голдар: Мамаду Мбоджи, 14-ші минут (0:1); Дорже Пантелич, 45-ші минут (1:1); Руслан Юденков, автогол, 51-ші минут (2:1); Тимур Мұхамеджанов, 61-ші минут (2:2); Руслан Юденков, 72-ші минут (2:3).

Кездесуді алматылық Рустам Омаров бастаған төрешілер бригадасы басқарды.