Q Football

Қазақстан Кубогының финалы екі түрлі стадионда өтуі мүмкін

Қазақстан Кубогының финалы екі түрлі стадионда өтуі мүмкін
©️ sports.kz

Алматыдағы «Орталық» пен «Астана Арена» 7 қарашада өтетін турнирдің басты матчын қабылдауға үміткер

Қазақстан Кубогын ұйымдастырушылар шешуші кездесу өтуі мүмкін алаңдарды анықтады, деп хабарлайды AmanVIBE. Стадионды таңдау елордалық «Жеңіс» пен қызылордалық «Қайсар» арасындағы жартылай финалдық текетірестің нәтижесіне тікелей байланысты болады.

«Жеңіс» жеңіске жеткен жағдайда, финалдық ойынды Алматының «Орталық» стадионы қабылдайды. Ал егер келесі кезеңге «Қайсар» шықса, матч елордадағы «Астана Аренада» өтеді. Қарсыластар арасындағы жартылай финалдық кездесулер 29 шілде мен 19 тамызға жоспарланған.