Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында ағылшын клубы екі рет есепте артта қалғанымен, 86-минутта Райан Шеркидің соққан голының арқасында жеңілістен құтылды (2:2).
«Біз соңына дейін күрестік, екі гол соғып, екі гол жіберіп алдық. Менің ойымша, қызықты ойын болды. Допсыз агрессивті әрекет еттік, бірақ қарсыласқа мүмкіндік беріп, гол жіберіп алдық. Жалпы, жақсы ойнадық деп есептеймін.
Бізге сабыр сақтап, үйренуді және жұмыс істеуді жалғастыру қажет. Қазір тым көп гол жіберіп алып жүргеніміз анық. Өзгерістер енгізуіміз керек және оған біздің шамамыз жетеді», — деп келтіреді Энцо Маресканың сөзін BBC.
