Q Football

«Наполи» «Ювентустың» жетістігін қайталады

«Наполи» «Ювентустың» жетістігін қайталады

Неапольдің клубы Чемпиондар лигасының бесінші турында сырт алаңда «Манчестер Ситимен» тең тарқасты (2:2)

Осылайша «Наполи» Еурокубокта «Манчестер Сити» қақпасына «Этихадта» бірден көп гол соққан тарихтағы екінші италиялық клуб атанды.

Бұған дейін мұндай нәтижені «Ювентус» 2015 жылдың қыркүйек айында орнатқан. Ол кезде «бьянконери» Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бес турдан кейін төрт ұпай жинаған Массимилиано Аллегридің шәкірттері турнир кестесінде 27-орында тұр. Келесі турда команда 8 желтоқсан күні «Брюггені» қабылдайды.