Осылайша «бланкос» турнирде өз алаңында қатарынан 46 матчта гол соққан алғашқы клуб атанды. «Реал» 2019 жылдан бері Мадридте үздіксіз гол соғып келеді.
Бұған дейінгі рекорд 1973-2000 жылдары 45 ойын қатарынан Туринде гол соққан «Ювентуске» тиесілі болды.
Бес турдан кейін 15 ұпай жинағае «Реал» турнир кестесінде көш бастап тұр. Келесі турда команда 9 желтоқсан күні «Арсеналға» қонаққа барады.
