Q Football

Иван Перишич Чемпиондар лигасында ерекше нәтиже тіркеді

Иван Перишич Чемпиондар лигасында ерекше нәтиже тіркеді

ПСВ жартылай қорғаушысы бесінші турдағы ойында «Реал» (1:5) қақпасына пенальтиден гол соқты

Осылайша хорватиялық хавбек 37 жас 295 күнінде Чемпиондар лигасында 11 метр айып добынан мергендік танытқан ең егде ойыншы атанды.

Сондай-ақ ол турнир аясында «Реал» қақпасының торын тулатқандардың арасындағы ең егдесі болды.

Перишич осы маусымда жалпы 17 матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Иванның Эйндховен клубымен келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.