Q Football

Беллингем ПСВ-ға қарсы камбэктен кейін пікір білдірді

Беллингем ПСВ-ға қарсы камбэктен кейін пікір білдірді

«Реал» жартылай қорғаушысы Чемпиондар лигасының 5-турындағы матчта командасының камбэк жасауына не көмектескенін айтты

«Мінез, менталитет. Моуриньюдың үзілісте айтқан сөзі. Осының бәрі құралып, бізге күш берді. Бірақ біз сенімді жеңіске жеткіміз келеді. Сондықтан әлі де қосуымыз керек»,— деді Джуд.

«Сантьяго Бернабеуде» өткен кездесуде 5:1 есебі тіркелді. Иван Перишич 32-минутта пенальтиден гол соғып, есеп ашқан еді. Бірақ одан кейін Килиан Мбаппе дубль жасады, ал Федерико Вальверде, Джуд Беллингем және Винисиус Жуниор бір голдан соқты.

Бес турдан кейін 15 ұпай жинаған «бланкос» турнир кестесінде көш бастап тұр.