Алғаш болып италиялық клуб есеп ашты: 59-минутта Расмус Хойлунд Билли Гилмордың пасынан кейін қарсылас қақпасын дәл көздеді. Сегіз минуттан соң Аюб Буадди Жереми Докудың нәтижелі пасынан кейін есепті теңестірді.
79-минутта неапольдықтар қайтадан алға шықты — Ноа Ланг Леонардо Спинаццоланың пасын голға айналдырды. Алайда соңғы сөз «қалалықтардың» еншісінде қалды: 86-минутта Райан Шерки Илиман Ндиайенің пасынан кейін кездесудің қорытынды есебін белгіледі.
Осылайша, «Наполи» екі рет есепте алға шыққанымен, Манчестерден үш ұпай алып қайта алмады.
