Q Football

«Галатасарай» үздік нәтижесін қайталады

«Галатасарай» үздік нәтижесін қайталады

Түркияның клубы Чемпиондар лигасының бесінші турында өз алаңында «Астон Вилланы» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Ыстамбұлдың ұжымы турнирде қатарынан үш ойында жеңіске жетті. «Арыстандар» өткен турларда «Штутгарт» (2:0) пен «Лилльден» (4:2) басым түскен еді.

Бұған дейін мұндай көрсеткіш 2025 жылдың мамыр-қараша, 2012 жылдың қараша-желтоқсан және 1999-2000 жылдардың қазан-қыркүйек айларында тіркелген.

Бес турдан кейін тоғыз ұпай жинаған Окан Буруктың шәкірттері Чемпиондар лигасында 13-орында тұр.