Q Football

Италиядағы сәтсіз сапар: АЕК бес турда небәрі үш ұпай жинады.

Италиядағы сәтсіз сапар: АЕК бес турда небәрі үш ұпай жинады.
Reuters

Италиялық «Комо» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчында бірінші таймда пенальтиді соға алмағанына қарамастан, өз алаңында грекиялық АЕК-ті 1:0 есебімен жеңді.

Кездесу Италиядағы «Джузеппе Синигалья» стадионында өтті. Алаң иелері үзіліске дейін-ақ алға шығуы мүмкін еді: 29-минутта қонақтардың қақпасына он бір метрлік айып добы белгіленді, алайда «Комо» капитаны Люка Да Кунья пенальтиді голға айналдыра алмады.

​Шешуші сәт екінші таймның басында туды. Италиялық клубтың испаниялық жартылай қорғаушысы Луис Милья Мартин Батуринаның нәтижелі пасын голға айналдырып, есеп ашты — бұл гол ақырында кездесудегі жалғыз гол болып қалды.

​Үш ұпай жинаған «Комо» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ұпай санын 12-ге жеткізіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Үш ұпайы бар грекиялық АЕК 31-орында тұр. Келесі турда италиялық команда испаниялық «Бетиспен» ойнайды, ал АЕК 8 желтоқсанда түркиялық «Галатасараймен» кездеседі.