Q Football

Флорьян Товен Чемпиондар лигасының тарихтағы ең сәтсіз ойыншысы атанды

Флорьян Товен Чемпиондар лигасының тарихтағы ең сәтсіз ойыншысы атанды

«Ланс» бесінші турда «Лейпцигке» 1:3 есебімен жол берді

Осылайша франциялық клубтың шабуылшысы Флорьян Товен турнирдегі 17-матчында 15-рет қарсыласына есе жіберді.

33 жастағы вингер Чемпиондар лигасында ойнаған ойындарының 88,2%-да жеңілген. Мұндай нашар көрсеткіш дода тарихында бұрын-соңды болмаған.

Бес турдан кейін үш ұпай жинаған «Ланс» турнир кестесінде 33-орынға жайғасқан. Дидье Дигардың шәкірттері келесі турда 9 желтоқсан күні «Буде/Глимтті» қабылдайды.