Q Football

«Ордабасы» тарихта алғаш рет «алтын дубль» жасады

«Ордабасы» тарихта алғаш рет «алтын дубль» жасады

Қазақстан кубогының шешуші ойыны Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтті. Финалда «Ордабасы» «Қайсарды» 4:1 есебімен жеңіп, маусымдағы екінші ірі трофейін иеленді

Бұған дейін шымкенттік ұжым Қазақстан Премьер-Лигасының алтын медалін алып қойған еді. «Ордабасы» чемпионатты 68 ұпаймен аяқтап, екінші орын алған алматылық «Қайраттан» үш ұпайға озып кетті.

Осы маусымға дейін клуб ел ішіндегі басты жүлделерді бөлек жылдары ғана ұтып келген. «Ордабасы» чемпиондықты 2023 жылы жеңсе, Қазақстан кубогын 2011 және 2022 жылдары алған. Енді команда бұл екі табысты алғаш рет бір маусымда біріктіріп, клуб тарихындағы алғашқы «алтын дубльді» рәсімдеді.

Айта кетейік, Қазақстан кубогы «Ордабасы» үшін тарихтағы үшінші трофей болса, чемпиондық атақ - екінші мәрте бұйырды.