Q Football

Артур Шушеначев ҚПЛ маусымын қорытындылап, мәлімдеме жасады

Артур Шушеначев ҚПЛ маусымын қорытындылап, мәлімдеме жасады

«Ақтөбе» шабуылшысы Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымына қатысты пікір білдірді

«Жеңіс, тәжірибе, сабақ және сынақтар үшін осы маусымға алғысым шексіз. Бәрі ойлағанымдай болмады, бірақ маусымның әр сәті мені шыңдай түсті»,– деді Шушеначев әлеуметтік желіде.

28 жастағы Ұлттық құрама форварды биылғы маусымда 26 ойында он гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Шушеначев үздік сұрмергендер тізімінде Эдмилсон («Қайрат») және Роман Мұртазаевпен («Елімай») бірге төртінші орынға жайғасты.

Ал 30 турдан кейін 49 ұпай жинаған «Ақтөбе» чемпионатты бесінші орында аяқтады.