Күткендей-ақ, жанкүйерлердің басты назары елордадағы тартысты матчқа ауды. Алаң қожайындарының алматылық клубты минималды есеппен жеңген ойынына 28 235 адам жиналды — бұл бүкіл ойын күніндегі жалпы көрермен санының жартысына жуығы. Ал ең аз жанкүйер Талдықорғандағы матчқа келді, мұнда жергілікті команданың жеңілісін небәрі бір жарым мың көрермен тамашалады.
Осы турдың нәтижесінде ағымдағы маусымның жалпы аудиториясы 1,23 миллион адамнан асты, ал бүкіл чемпионат бойынша орташа көрсеткіш бір ойынға шаққанда алты мың көрерменге жақындады.
Премьер-лиганың 27-турындағы матчтардың көрсеткіші:
«Астана» – «Қайрат» (1:0) – 28 235 көрермен;
«Ақтөбе» – «Ұлытау» (2:2) – 10 200;
«Атырау» – «Ордабасы» (0:3) – 7 000;
«Алтай» – «Ертіс» (1:2) – 3 700;
«Қызылжар» – «Қайсар» (1:1) – 3 000;
«Тобыл» – «Елімай» (0:2) – 2 500;
«Оқжетпес» – «Жеңіс» (3:1) – 2 150;
«Жетісу» – «Каспий» (0:1) – 1 500.
