Q Football

Кубарси Испания құрамасының Англияға қарсы матчында жарақат алды

Кубарси Испания құрамасының Англияға қарсы матчында жарақат алды
Getty Images

«Diario Sport» жазуынша, 19 жастағы орталық қорғаушы сан тұсынан ауырсыну сезінгеннен кейін Испания құрамасының медициналық штабы тәуекелге бармай, оны үзілісте ойыннан шығарған

Алдағы уақытта қорғаушы қосымша медициналық тексеруден өтеді. Сол тексерулер жарақаттың нақты сипатын және оның қаншалықты ауыр екенін анықтауы тиіс. Нәтижесіне қарай Кубарсидің жақын күндері жаттығуға қайта қосылатыны немесе қалпына келуге көбірек уақыт қажет болатыны белгілі болады.

«Барселона» бұл жағдай аса күрделі болмайды деп үміттеніп отыр және футболшы алдағы матчтарды жіберіп алмайды деген сенім бар. Дегенмен, оның қашан оралатыны медициналық тест қорытындыларына байланысты.

Еске салайық, Испания құрамасы Англиядан 2:3 есебімен жеңілді. Кубарси ойынды негізгі құрамда бастап, бірінші таймды толық өткізді. Үзіліс алдында ол өз айып алаңында Харри Кейнге қарсы ереже бұзып, нәтижесінде Кейн пенальтиді сәтті орындады.