Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының 2027 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі матчтар кестесі жарияланды. QFootball.kz порталы Қазақстан футбол федерациясына (KFF.kz) сілтеме жасап хабарлағандай, өткен жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы C лигасының C6 тобына түсті.
Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластары Армения мен Черногория ұлттық құрамалары болды. Топтық кезеңде қазақстандық футболшы қыздар төрт кездесу өткізеді — екеуін өз алаңында, екеуін сырт алаңда. Турнир қорытындысы бойынша B лигасына көтерілу құқығын тек топ жеңімпазы алады.
Қазақстан құрамасы турнирді 2027 жылғы 2 наурызда Арменияға қарсы сырт алаңдағы матчпен бастайды, содан кейін сәуірде өз алаңында қатарынан екі ойын өткізеді, ал топтық кезеңді 11 маусымда Черногориямен сырт алаңдағы кездесумен аяқтайды.
