Бұған сейсенбіде өткен Африка ұлттары кубогының іріктеу матчы себеп болды. Кот-д’Ивуар құрамасы Гамбиямен 2:2 есебімен тең түсті.
Сол ойында Амад мадридтік «Реалдың» ойыншысы Ян Диоманденің пасынан кейін гол соғуға мүмкіндік алды, бірақ допты бағанаға тигізді. Ол голдық пас беріп, 64 минуттан кейін алаңнан ауыстырылды.
Матчтан соң әлеуметтік желідегі контент жасаушы 24 жастағы Амадты сол мүмкіндікті пайдалана алмағаны және клубта көптен бері гол соқпағаны үшін сынады. Амад «Манчестер Юнайтед» сапында 2025 жылдың желтоқсанынан бері гол соққан жоқ.
«Жай ғана үндеме, бауырым, тым көп сөйлеп кеттің. Егер бұл сені сонша мазаласа, менің орныма өзің ойна», — деп жауап берді Амад әлеуметтік желіде.
