Q Football

Испания жеңіліссіз сериясы үзілсе де ФИФА рейтингінде көш бастады

Испания жеңіліссіз сериясы үзілсе де ФИФА рейтингінде көш бастады

Әлем және Еуропа чемпионы Испания осы аптада Англиядан жеңіліп, 43 матчтық сериясын тоқтатты. Бірақ сәрсенбіде жарияланған ФИФА рейтингіндегі 1-орнын сақтады.

Испанияның 2 004 ұпайы бар. Одан кейін соңғы әлем чемпионатының финалисі Аргентина (1 966) мен Франция (1 950) тұр. Мадридте Испанияны 3:2 есебімен жеңген Англия 1 938 ұпаймен 4-орнын сақтады.

Марокко Нигерияны қатарынан екі рет жеңіп, 2027 жылғы Африка ұлттар кубогына жолдама алды. 2030 жылғы әлем чемпионатын бірге өткізетін құрама екі саты көтеріліп, 5-орынға шықты. Бұл — рейтингтің 34 жылдық тарихындағы Марокконың ең жоғары орны.

Португалия мен Бразилия бір-бір саты төмендеп, тиісінше 6 және 7-орындарға түсті. Колумбия бір саты көтеріліп, үздік ондыққа енді. Ал Мексика үш саты төмендеп, 13-орынға сырғыды.