Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Болгарияның «Левски» клубымен кездеседі. Қос ойын қарсаңында осы текетіреске қатысты өз ойын Болгария құрамасының, «Ювентус» пен «Манчестер Ситидің» бұрынғы шабуылшысы Валерий Божинов білдірді.
Сондай-ақ ол кезінде алматылық клубтың сапына ауысу мүмкіндігі болғанын еске алып, бұл трансфердің жүзеге аспай қалғанына әлі күнге дейін өкінетінін айтты.
Алғашқы кездесу 4 тамыз күні Софияда өтіп, Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады. Жауапты матч 11 тамызда Түркістандағы «Түркістан Аренада» ұйымдастырылып, 20:00-де басталады.
