Футболшы командада жаттықтырушының талаптарына бейімделу процесі әлі жүріп жатқанын атап өтті.
«Шынын айтқанда, біз әзірге бір-бірімізді танып жатырмыз. Бапкер өз идеяларын ұсынуда. Біз жаңа дүниелерді енгізіп, бұрынғы қалыптасқан жүйені нығайтуға тырысамыз. Сондықтан әлі де атқаратын жұмысымыз көп», — деді капитан.
Сондай-ақ ол команданың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін бағалап, әзірге нақты болжам жасау қиын екенін жеткізді.
«Ойыннан ойынға қарай жылжуымыз керек. Қазір плей-офф туралы айту қиын, өйткені алда бар болғаны екі матч қалды. Егер бір жеңіске жетсек, онда белгілі бір мүмкіндік туралы айтуға болады», — деді футболшы QFootball тілшісіне.
