Q Football

Черевченко «Қайратқа» қарсы жеңісті уыстан шығарғаны үшін «Ақтөбе» футболшыларын кінәлады

Черевченко «Қайратқа» қарсы жеңісті уыстан шығарғаны үшін «Ақтөбе» футболшыларын кінәлады

Ақтөбелік клубтың бас бапкері Игорь Черевченко командасының есептегі басымдығын сақтап қала алмағанына көңілі толмағанын білдірді.

«Менің ойымша, біз ойынды өзіміз беріп қойдық. Есеп 2:1 болған кезде сабыр сақтап ойнауымыз керек еді», – деді бапкер.

Черевченконың айтуынша, футболшылар асығыстық танытып, стандартты жағдайларды тым жылдам орындай бастаған. Допты бақылауда ұстаудың орнына олар қарсыластың ойынға қайта оралуына мүмкіндік берген.

«Жеңіске жетеміз деп үміттендік… Өкінішке қарай, соңына дейін шыдай алмадық», – деп қосты маман.