Q Football

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласына арналған матчтардың кестесін жариялады

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласына арналған матчтардың кестесін жариялады
©️FC Kairat

Алматылық клуб Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскиге» қарсы өтетін ойындардың күні мен басталу уақытын ресми түрде жариялады.

Қазақстан чемпионы алғашқы кездесуді 4 тамыз күні Софияда өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады. Жауапты ойын 11 тамызда Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтіп, 20:00-де басталады.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттеріне Болгарияның ең атақты клубтарының бірі қарсылас болады. «Левски» — елдің қазіргі чемпионы, Болгария чемпионатын 27 рет, ел кубогын 26 рет жеңіп алған және Суперкубокты үш мәрте иеленген ұжым.

Еске салайық, бұған дейінгі іріктеу кезеңінде алматылық команда Кипрдің «Омониясын» пенальти сериясында жеңіп, келесі айналымға жолдама алған еді.