Q Football

Қайрат Нұрдәулетов «Елімайдың» бас бапкері атануы мүмкін

Қайрат Нұрдәулетов «Елімайдың» бас бапкері атануы мүмкін

Қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов жаттықтырушылық мансабын Семейде жалғастыруы ықтимал

43 жастағы бапкер «Елімайдың» бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Нұрдәулетов 2026 жылдың басында Талдықорғанның «Жетісу» клубына қайта оралып, қазіргі уақытта команданы жаттықтырып жүр. Бұған дейін ол Қазақстанның U-21 жастар құрамасын басқарған. Сондай-ақ «Мақтаарал», «Ертіс» және «Оқжетпес» клубтарында еңбек еткен. Бұдан бөлек, Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына да кірген.

Еске салайық, бүгін «Елімай» Андрей Карповичпен ынтымақтастығын тоқтатқанын жариялады. Осылайша, Семей клубы бас бапкерсіз қалды.