Q Football

«Оқжетпес» Көкшетауда «Жеңісті» сенімді түрде жеңді

«Оқжетпес» Көкшетауда «Жеңісті» сенімді түрде жеңді
©️FC OKZHETPES

Көкшетаулық команда үш гол соғып, чемпионаттағы кезекті ұпайларына қол жеткізді.

Көкшетаулық «Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясындағы өз алаңындағы ойында елордалық «Жеңісті» 3:1 есебімен жеңді.

23-минутта Иван Шараванья автогол соғып, алаң иелерін алға шығарды. 60-минутта Дмитрий Бородин пенальтиді дәл орындаса, негізгі уақыттың аяқталуына сегіз минут қалғанда Тохтар Жангылышбай есепті 3:0-ге жеткізді.

Елордалық клуб бір голмен жауап берді. 86-минутта Адилио Дос Сантос мергендік танытты.

Кездесу 18 қыркүйекте Көкшетаудағы «Оқжетпес» стадионында өтті.