Оның сөзінше, футболшыларды матчқа Дмитрий Карпов дайындаған. Сондықтан бапкерлер штабы кездесу алдында тактикалық жүйені өзгертпеу туралы шешім қабылдаған.
Байсуфинов ойыншылардың психологиялық қысымда болғанын және өз мүмкіндіктерін толық көрсете алмағанын мойындады. Дегенмен маман «Астанамен» 0:0 есебімен аяқталған кездесудің нәтижесіне көңілі толғанын жеткізді.
Алда «Қайсарды» чемпионаттың соңғы туры мен Қазақстан кубогының финалы күтіп тұр.
