— Мистер, жеңіс құтты болсын! Нәтиже туралы не айтасыз? Осы тарихи кездесуде көңіліңізден шыққан және әлі де жетілдіре түсетін тұстар қандай болды?
— Бұл шын мәнінде тамаша ойын болды. Біз көп нәрсені өте дұрыс орындадық, сондай-ақ жағдай талап еткен сәттерде шыдамдылық таныта білдік. Жалпы алғанда көргеніме көңілім толды. Енді қарқынды бәсеңдетпеу маңызды: жұмысты одан әрі жалғастырып, матчтан матчқа күшейіп, шеберлікті шыңдай түсуіміз қажет, себебі дүйсенбіде бізді тағы бір аса маңызды кездесу күтіп тұр.
— Сіз «Комоға» 2022 жылы футболшы ретінде келдіңіз, кейін команданы басқарып, В Сериясынан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне дейінгі үлкен жолды жүріп өттіңіз. Клуб тізгініндегі басты еурокубоктағы осы дебют жеке өзіңіз үшін нені білдіреді?
— Мен үшін бұл өте көп нәрсені білдіреді. Біз болып жатқан дүниеге жайдан-жай, өздігінен келгендей қарамаймыз. Бұл жол екі жарым жыл бұрын басталған еді, барлығы өте жылдам өрбіді. Осы уақыт ішінде бізге көптеген жаңа жағдайларға тез бейімделіп, елеулі қиындықтарды еңсеруге тура келді. Ойыншылар, клуб, спорттық директор, иесі, бүкіл жаттықтырушылар штабы — осы ортақ арманды шындыққа айналдыру үшін әрқайсысы барын салды. Ал қазіргі міндетіміз — алға қарай нық қадам басуды жалғастыру.
— Қазақстандағы жанкүйерлерге арнап бір-екі жылы лебіз білдірсеңіз.
— Әрине! Қазақстандағы барша қауымға үлкен сәлем және ыстық ықыласымды жолдаймын. Қолдауларыңызға көп рақмет!
