Q Football

ҚПЛ-2027-дегі легионерлер саны белгілі болды

ҚПЛ-2027-дегі легионерлер саны белгілі болды
PFL KAZ

«Серый CARDINAL» хабарлағандай, әлі 2025 жылы-ақ ҚПЛ-дағы легионерлер санын сегізге дейін қысқарту туралы шешім қабылданған болатын

Дегенмен, телеграм-каналдың мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитеті маусым аяқталған соң қазіргі норманы — он шетелдік футболшыны қалдыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта чемпионатта дәл осы легионерлер маңызды роль атқарады. ҚПЛ-2026 үздік мергендерінің үштігінде бірден үш шетелдік ойыншы бар: «Ордабасы» сапындағы норвегиялық Бьорн Йонсен 11 гол соқса, «Тобылдың» сербиялық шабуылшысы Урош Милованович те 11 рет мергендігімен көзге түсті, ал «Астананың» хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов 10 гол соқты.