Q Football

«Зенит» Нұралы Әліпке қатысты шешім қабылдады

«Зенит» Нұралы Әліпке қатысты шешім қабылдады

«Зенит» қорғаушысы әрі Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасының 15-туры аясында «Рубинге» қарсы өтетін сырт алаңдағы матчты негізгі құрамда бастайды. Бұл туралы Санкт-Петербург клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық футболшы алаңға 28-нөмірмен шығады. Ал «Зениттің» капитандық міндетін бұл кездесуде Вильмар Барриос атқарады.

Матч алдында Санкт-Петербург клубы 31 ұпаймен РПЛ турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Қазандық «Рубин» 18 ұпаймен тоғызыншы орында келеді. Қазан қаласындағы кездесу 19:30-да басталады.

Қараша айында Нұралы Әліп Қазақстан құрамасы сапында УЕФА Ұлттар лигасының екі матчына қатысты. 13 қарашада ұлттық құрама Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберсе, 16 қарашада Словакиямен 2:2 есебімен тең түсті.