Q Football

Самородов ЦСКА-ға қарсы матчта 6,0 ұпай алды

Самородов ЦСКА-ға қарсы матчта 6,0 ұпай алды
© Akhmat

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов «Ахматтың» ЦСКА-ны Мәскеуде жеңген ойынында 6,0 ұпай алды.

Ресей премьер-лигасының 15-турындағы бұл бағаны «Flashscore» қойды. «Ахмат» қорғаушысы Клисман Цаке де 6,0 ұпай алды. Тұрпал-Әли Ибишев пен Кирилл Щетининге 6,2 ұпайдан берілді.

Самородов алаңға негізгі құрамда шықты. 63-минутта Эгаш Касинтура Георгий Мелкадзеге гол соғуға пас берді. Касинтура 8,0 ұпаймен матчтың үздігі атанды. Самородов 71-минутта ауыстырылған кезде қонақтар 2:1 есебімен алда болды.

Самородовтың Қазақстан құрамасындағы әріптесі Ғалымжан Кенжебек ойын бойы қосалқы құрамда қалды. Мәскеудегі жеңіс «Ахматқа» 3 ұпай әкелді: команда 17 ұпаймен 11-орынға көтерілді.

«Ахмат» келесі турда «Балтикамен» 28 қараша күні сағат 21:00-де ойнайды.