Q Football

«Ахмат» Самородовтың қатысуымен ЦСКА-ны жеңді

«Ахмат» Самородовтың қатысуымен ЦСКА-ны жеңді
© Akhmat

Ресей Премьер-лигасының 15-турында «Ахмат» Мәскеуде ЦСКА-ны 2:1 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов негізгі құрамда шықты.

Бірінші таймда екі команда да гол соға алмады. 52-минутта Лечи Садулаев пенальтиден есеп ашты. 63-минутта Георгий Мелкадзе Эгаш Касинтураның пасынан кейін «Ахматтың» басымдығын арттырды.

69-минутта Энрике Кармо Иван Обляковтың пасынан кейін бір гол соқты. Есеп өзгермей, «Ахмат» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Самородов 71-минутта алмастырылды. Оның Қазақстан құрамасындағы әріптесі Ғалымжан Кенжебек матчты түгел қосалқы құрамда өткізді.

Осы жеңістен кейін «Ахмат» 17 ұпаймен 11-орынға көтерілді. ЦСКА 26 ұпаймен бесінші орында қалды.

Келесі турда «Ахмат» «Балтикамен» ойнайды. Матч 28 қарашада Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.