Q Football

Нұралы Әліп ойнаған Зениттің РПЛ-дағы матчы сенсациямен аяқталды

Нұралы Әліп ойнаған Зениттің РПЛ-дағы матчы сенсациямен аяқталды
© Zenit

Ресей премьер-лигасының 15-турында «Рубин» Қазанда «Зенитті» 3:1 есебімен жеңді. Петерборлықтар жеңілсе де, көшбасшылықты сақтап қалды.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» негізгі құрамында шығып, матчты толық өткізді.

27-минутта «Зенит» қақпашысы Богдан Москвичев Эдди Сальседоның пенальтиін қайтарды. Бірақ допқа бірінші жеткен Ульви Бабаев есеп ашты. Үш минуттан кейін Игорь Вуячич «Рубиннің» екінші голын соқты.

50-минутта Луис Энрике Педроның пасынан кейін есеп айырмасын қысқартты. Ал 67-минутта Велдин Ходжа қазандықтардың үшінші голын соғып, матчтағы соңғы есепті орнатты.

«Зенит» 31 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орындағы мәскеулік «Динамода» да 31 ұпай бар, бірақ оның бір ойыны кем. «Рубин» 21 ұпай жинап, жетінші орынға көтерілді.

Келесі турда «Зенит» Мәскеуде ЦСКА-мен ойнайды. Матч 28 қарашада сағат 18:30-да басталады.