Q Football

Нұралы Әліп Зениттің үздік ойыншыларының бірі атанды

Нұралы Әліп Зениттің үздік ойыншыларының бірі атанды
© Zenit

Қазақстан құрамасының қорғаушысы петербургтіктер Рубинге 1:3 есебімен есе жібергеніне қарамастан, Flashscore бағалауы бойынша Зениттің үздік ойыншыларының бірі атанды

Әліп Ресей Премьер-лигасының 15-турында Қазанның «Рубиніне» қарсы сырт алаңдағы ойынға негізгі құрамда шығып, матчты толық өткізді. Flashscore оған 7,4 ұпай берді. Командада тек бразилиялық Густаво Мантуан жоғары бағаланды — 7,5.

Жеңіліске қарамастан, «Зенит» 31 ұпаймен бірінші орында қалды. Екінші орындағы мәскеулік «Динамода» да 31 ұпай бар, әрі ол бір матч кем өткізген.

Келесі турда Әліптің командасы ЦСКА-мен сырт алаңда ойнайды. Матч 28 қарашада сағат 18:30-да басталады.